Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстықтан кейін: Қазақстанның ауа райы күрт өзгереді

Аптап ыстықтан кейін: Қазақстанның ауа райы күрт өзгереді

Белсенді циклон елге жаңбыр мен салқын ауа алып келеді. Бірақ кей өңірлерде +38 градусқа дейінгі ыстық әлі де сақталады.«Қазгидромет» синоптиктері 30 маусым, 1 және 2 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Циклон жаңбыр мен найзағай алып келеді
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша кей өңірлерде қатты нөсер жауын күтіледі.

Қай өңірлерде салқындайды?

Елдің батысы мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +18…+28 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстік өңірлерде +22…+30 градус аралығында болады.

Оңтүстікте аптап ыстық біршама бәсеңдегенімен, ауа температурасы әлі де жоғары болып, +23…+35 градус шамасында сақталады.

Қай өңірлерде аптап ыстық сақталады?

Шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ыстық ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін көтеріледі.

Ақпарат көзі: baq.kz
29 маусым 2026 ж. 43 0