Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия чемпионатынан қола жүлде иеленді

Азия чемпионатынан қола жүлде иеленді

Тайландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен U15 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуан Раян Жамсапқызы үздіктер қатарынан көрінді.

46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Раян тартысты белдесулерде жоғары шеберлік пен қайсар мінез танытып, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Бұл – жас спортшының еңбегі мен табандылығының жемісі, сондай-ақ Қазақстан құрамасы үшін кезекті маңызды жетістік.
Раян Жамсапқызын және Қазақстан ұлттық құрамасын осы жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!


30 маусым 2026 ж. 40 0