Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Астана қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасы чемпионатының 25 ақпан күнгі жарыс бағдарламасы бойынша әйелдер күресінен U17 жасөспірім қыздар арасында 46 кг салмақ дәрежесінде белдескен №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің спортшысы Раян Жамсапқызы күміс жүлдегер атанды.

Раян 2025 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстан Республикасының чемпионатының 2024, 2025 жылдардағы екі дүркін жеңімпазы.

Спортшымыз Арал қаласындағы №13 орта мектепте оқыған. Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп – интернат колледжінің 9-сыныбында білім алып, спорттағы шеберлігін шыңдауда.
Жаттықтырушылары: Жусупов Бауыржан (№19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебі), Рахметов Мейрамбек (спорт интернат).

Барша аудан спортының жанкүйерлерін осы айтулы жеңіспен құттықтаймыз! Спортшымызға алдағы жарыстарда да сәттілік, жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Жеңістеріңіз құтты болсын!
"Толқын" ақпарат

26 ақпан 2026 ж. 61 0