Жеңістеріңіз құтты болсын!
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739081281_1.jpg)
Атап айтар болсақ, Оразбекқызы Дана 37 кг салмақ дәрежесі бойынша І орын иеленіп, 2 дүркін Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанды.
Дана 2024 жылғы ҚР чемпионатының жеңімпазы.
Екінші спортшы Нұрлыбекқызы Раушангүл 46 кг салмақ дәрежесінде жарыстың қола жүлдегері атанды.
Дана Арал қаласындағы №83 орта мектепте оқыған. Қазіргі таңда Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат -колледжінің» 8 сынып оқушысы.
Болшағынан үміт күттірген мақтаныштарымыз бокс спортымен 2020 жылдан бастап шұғылданады. Жаттықтырушылары - №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің бокс бөлімшесінің біліктілігі жоғары деңгейдегі І санатты жаттықтырушысы Мыңжасаров Мақсат.
Спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз! Жеңістеріңіз құтты болсын!
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739081338_2.jpg)
Фото: Арал ауданы әкімдігі