Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспасөз мамандарына құрмет

Баспасөз мамандарына құрмет

Өз кезегінде аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы бұқаралық ақпарат құралдары саласы қызметкерлерінің мемлекет пен қоғам дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтады. Басқосу соңында аудан басшысының ізгі тілегі жазылған құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.
Мерекелік марапат мұнымен шектелген жоқ. Ауданымыздың шежіресін жазып, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген қара шаңырақ – «Толқын» газетінің тілшілері де назардан тыс қалмады. Газеттің бас редакторы Айдар Сайлауовтың Алғыс хаты мен естелік сыйлықтары өз ісінің шеберлеріне табысталды.
Сонымен қатар, баспасөз өнімдерін оқырманға уақытылы жеткізіп, газеттің жаны мен тынысы болып жүрген «Халық газеті» ЖШС газет таратушылары Бас директор Марат Аралбаевтың Алғысын арқалады.
Газет – тарихтың өшпес шежіресі десек, сол шежірені алтын әріптермен жазып жүрген тілшілердің еңбегі әрдайым биіктен көріне бермек. Осы тұста мерекелік шара қаламгерлерге жаңа шығармашылық шабыт сыйлады.
«Толқын» ақпарат
30 маусым 2026 ж. 41 0