Қазақстанның бірқатар өңірінде 40°C-қа дейінгі аптап ыстық болады
4-6 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. "Қазгидрометтің" болжамынша, елдің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.4-6 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. "Қазгидрометтің" болжамынша, кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, қатты жел соғады. Ал батыс, орталық және оңтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы 40°C-қа дейін көтеріледі.
"Қазгидромет" синоптиктері 4, 5 және 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.
Қай өңірлерде қатты жаңбыр жауады?
4 шілдеде еліміздің солтүстік-батысында;
4-5 шілдеде оңтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде;
5-6 шілдеде шығыс өңірлерде болады.
Еліміздің көп бөлігінде жел күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жауады, кей жерлерде екпінді жел соғады. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрып, солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Маңғыстаудағы шаңды құйын тұрғындарды шошытты (видео)
Маңғыстаудағы шаңды құйын тұрғындарды шошытты (видео)
Оқыңыз
Жауын-шашынға қарамастан, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
5-6 шілде күндері:
батыс пен орталық өңірлерде күндіз 35-39°C-қа дейін;
оңтүстік-батыста 40°C-қа дейін;
солтүстік-батыста 35°C-қа дейін ысиды.
Ал шығыс өңірлерде осы күндері 35-37°C-қа дейінгі аптап ыстық сақталады.
Фото: stan.kz










