Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі уақытта алкоголь өнімін сатқан

Түнгі уақытта алкоголь өнімін сатқан

Арал аудандық сотында азаматша К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге, этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзгендергеәкімшілік жауапкершілік көзделген.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы жеке кәсіпкер К. темір жол перронында орналасқан «Данияр» азық-түлік дүкенінде этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын «Қазақстан» коньягы алкоголь өнімін сағат 21.00-ден кейін өткізген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 121 100 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензияның қолданысы 1 ай мерзімге тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Арал аудандық соты
Фото: www.google.com


23 шілде 2026 ж. 55 0