Есірткіге қатысты қылмыстық теріс қылық
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат К-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай,7 маусым 2026 жылы жергілікті уақытпен сағат 21:00 шамасында, Арал-Шеп бекетінде полиция қызметкерлері азамат Е-нің басқаруындағы «Lada Largus» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізген кезде, жолаушы К.-нің шалбарының сол жақ қалтасынан кітаппарағына оралған өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап жүрген 0,79 грамм және көліктің жүк салғышында тұрған жол сөмкесінің ішінен шыны ыдысқа салынған 16,38 грамм болатын жасыл түсті жалпы салмағы 17,17 грамм кептірілген марихуана есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен, сотталушы К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген.
Арал аудандық соты










