Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткіге қатысты қылмыстық теріс қылық

Есірткіге қатысты қылмыстық теріс қылық

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 15 мамыр 2025 жылы жергілікті уақытпен сағат 02:50 шамасында, Арал-Шеп бекетінде полиция қызметкерлері азамат А-ның басқаруындағы «Ауди А8» маркалы автокөлігін тоқтатып, қызметтік иттің көмегімен автокөлікті тексергенде, ерекше иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат табылған, яғни ол жалпы салмағы 6,44 және 6,75 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен, сотталушы Е. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш – 39 320 теңге мөлшерінде айыппұлға жазаланды.
Сондай-ақ, мемлекет пайдасына процестік шығын 21802 теңге мен жәбірленушілерге өтемақы қорына 19 660 теңге мәжбүрлі төлем өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген.

Арал аудандық соты

10 маусым 2025 ж. 39 0