Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткіге қатысты қылмыстық теріс қылық

Есірткіге қатысты қылмыстық теріс қылық

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат Е-ге қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, полиция қызметкерлерінің тұрғын үйді қарап-тексеру барысында, аула ішінде орналасқан гараж ішінен есірткілік зат кептірілген марихуана табылған, яғни ол есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен, сотталушы Е. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш – 36 920 теңге мөлшерінде айыппұлға жазаланды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
05 шілде 2024 ж. 271 0