Әрбір дауыс пен әрбір таңдау өте маңызды
Құрылтай – халық пен билік арасында алтын көпір болып, елдегі қордаланған мәселелерді шешетін орын. Оның дұрыс жұмыс істеуі біздің қолдауымызға байланысты. Сондықтан сайлауға бару – ел тағдырына бейжай қарамайтынымыздың нақты дәлелі.
Қоғамдағы ауызбіршілік пен тыныштық – дамудың басты негізі. Сайлауға қатысу арқылы біз осы ынтымақты нығайтып, елдің ертеңіне қатысты маңызды шешімдерге өз үлесімізді қосамыз.
Сайлауда дауыс беру – жай ғана міндет емес, туған еліміздің өркендеуіне қосқан үлесіміз. Әрбір дауыс пен әрбір таңдау өте маңызды.










