Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткіге қатысты қылмыстық іс қаралды

Есірткіге қатысты қылмыстық іс қаралды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігімен азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Ж. өзі тұтыну үшін сатып алған ірі мөлшердегі есірткі заты кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған.
Сотта анықталғандай, сотталушы Ж. «TeIegram» әлеуметтік желісі арқылы бот-арнадан кептірілген марихуана есірткі затын іздеу барысында бейтаныс адаммен танысып, одан 600 000 теңгеге 146 грамм болатын кептірілген марихуана сатып алуға келіскен. Есірткі затын Алматы қаласынан алу қажет болғандықтан тұрғылықты мекен-жайы Орал қаласынан Алматы қаласына ұшақпен ұшып барып, аталған адамның айтуымен 600 000 теңге ақшаны крипто әмиянға аударып жіберген соң бейтаныс адамның «Telegram» әлеуметтік желісі арқылы жіберген есірткі заты жасырылған орынын суреттегі мекенжайды геолакация арқылы тауып, Алматы қаласының сыртында орналасқан белгісіз мекенжайда өсіп тұрған талдың жанына жасырылған 3 дана полиэтилен пакетке салынған кептірілген марихуана есірткі затын алған. Алматы қаласынан өзінің тұрғылықты мекенжайы Орал қаласына ұшақ арқылы қайтатын болғандықтан, өзі тұтыну үшін алған кептірілген марихуана есірткі затын алып кетуге мүмкіндігі жоқтығын түсініп, есірткі затын Орал қаласына такси арқылы жолдауға шешім қабылдаған. Есірткі затын таксиге салып жіберу үшін музыкалық дыбыс зорайтқыш сатып алып, оның ішіне есірткі затын жасырып, «InDrive» мобильді қосымшасы арқылы «TOYOTA CAMRY» маркалы көлік құралының такси жүргізушісімен байланысып, есірткі заты жасырылған музыкалық дыбыс зорайтқышты Орал қаласына жеткізу үшін тапсырып, өзі сол күні Алматы қаласынан Орал қаласына ұшақ арқылы ұшып кеткен.
2026 жылғы 8 наурыз күні 11 сағат 00 минут шамасында Арал ауданына қарасты «Арал - Шеп» бекетінің тұсында көлік құралы полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, тексеру жұмыстарын жүргізген кезде көліктің жүк салғышында тұрған музыкалық дыбыс зорайтқышының ішіне жасырылған жалпы салмағы 146,13 грамм болатын үш бөлікке оралған кептірілген марихуана есірткі заттары табылып, заттай дәлелдеме ретінде алынған.
Жедел іс шаралар жүргізу барысында такси жүргізушісімен бірге бөлімнің жедел уәкілдері Орал қаласына бірге барып, сотталушы Н. полиция қызметкерлеріне ұсталған.
Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.
Сот үкімімен, сотталушы Ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Арал аудандық соты
Фото: www.google.com
30 шілде 2026 ж. 53 0