Ауданда балық шаруашылығы саласында ілгерілеу бар
Арал ауданы территориясында балық шаруашылығы қамтитын Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 17 көл орналасқан.Кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың бірнеше түрі ауланады.
Жылдық қуаттылығы 30 000 тоннаға жуық 10 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді.
Жыл басынан бері ауданда 3621 тонна балық өңделіп, оның
1728 тоннасы алыс-жақын шет елдерге экспортталды. 2 кәсіпорында Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Еврокод» белгісі бар.
Бұдан бөлек ауданда 15-ке жуық балықты сұрыптап қатыру және сақтау цехтары жұмыс жасап келеді.
Шет мемлекеттерге экспортталатын балық өнімі 2025 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 89 тоннаға артық экспортталып, 105,4 пайызға ұлғайып отыр.
Салада қолдан балық өсіру жұмыстары да қарқынды дамып келеді.
Қазіргі таңда тауарлы балық өсіру шаруашылығы, тоған шаруашылығы және тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсірумен 16 шаруашылық айналысуда.











