Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал бір ғасыр бұрын

Арал бір ғасыр бұрын

(1926 ЖЫЛ)
*1926 жылы Қазақстанда 10 өндір­істік трест болған. Оның екеуі Аралда: бірі - Арал мемлекеттік балық тресі, екіншісі - Сексеуіл тресі. Орталығы Таш­кентте болған Сексеуіл тресіне - "Арал­тұз", "Сапақтұз", "Шөміштұз" деген өндіріс орындары қараған.
*1925-1926 жылдары Аралда 3120 тонна тұз өндірілген.
*Сексеуіл кентіндегі №87 мектеп орыс сыныптары бар бастауыш мектебі болып ашылып, алғашқы оқушыларын қабылдады.
*Қамбаш ауылының тумасы Шақпақ Артықбаев Жетісу губерниясының комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды.
*Бозбала ақын Жәмет 1926 жылы Мырзастағы нағашысы Нұртуған шайырға барып, ақ батасын алып, жыраулық жолға біржолата беталыс жасайды.
*11 наурызда Арал теңізі елді мекені Арал қыстағы болып аталды.
*Арал мемлекеттік балық тресі көк­темгі балық аулау науқанына дайындауға 32500 сом, Қамыстыбас станциясында қатырлыған жас балық дайындауға 80 мың сом қаралған.
*Арал қыстағының Кеңес төрағасы қызметін Төлеген Медетбаев атқарды.
*1926 жылы Арал портынан шыққан жүк кемелері Шаржау, Мойнақ аралы­ғында тұрақты қатынап тұрған.
*1926 жылы Т.Елемесов, А.Қырбаев, Д.Құламсейітов, Шөкеновтер Шымкент қаласындағы мұғалімдер даярлайтын оқу орнын бітіріп келіп, ағарту саласында еңбек жолын бастады.
*Арал теңізі теміржол стансасы мек­те­бінде (қазіргі №64 орта мектеп) меңгерушісі болып Әбдірахман Махатов қызмет атқарып жүрді.
*Сол жылдары Арал қыстағының халқы әр жерде - Сойырқас төбе, Шіркеу төбе, Диірмен төбе, Атшабар төбе, Америка, тағы басқа да төбелерде ауыл-ауылға бөлініп отырды.
*1926 жылы Аралдың белгілі тұл­ға­лары Күлпәш Бисенова, Әріп Өксікбаев, Әбубәкір Әнесов, Төлеген Әлімбетов, Сақ Мәуленқұлов, Алтыбай Құмаров, Төле­бай Орынбаев, Тілеген Қалиев, Бақыт Басықараевтар дүниеге келді.
21 тамыз 2026 ж. 83 0