Ел болашағына бейжай қарамайтын спортшылар: «Қайсар» клубының азаматтық таңдауы
Кәсіби спортпен айналысып, ел намысын халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда қорғап жүрген спортшылар үшін Отан ұғымының орны ерекше.
Олар спорт алаңында жеңіс үшін тер төгіп қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласу арқылы да ел дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Бүгінгі сайлау күні «Қайсар» клубының спортшыларының өз таңдауын жасауы – осы азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.










