«Сөз құдіреті – ұлт мәртебесі» атты тағылымды дебат өтті
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Руханият орталығында «Сөз құдіреті – ұлт мәртебесі» атты тағылымды дебат өтті.Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту және тіл төңірегіндегі өзекті мәселелерді еркін пікірталас арқылы талқылау.
Дебат барысында қатысушылар қазақ тілінің бүгінгі қоғамдағы орны, оның болашағы, жастар арасында қолданылуы, әлеуметтік желідегі мүмкіндіктері және күнделікті өмірдегі маңызы жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Пікірталас барысында жастардың сөйлеу мәдениеті, сыни ойлауы мен өз көзқарасын дәлелдей білуі көрініс тапты.
Тағылымды шара соңында қатысушылар қазақ тілін дамыту мен дәріптеудің маңызына тоқталып, ана тіліміздің абыройын асқақтату – баршамызға ортақ міндет екенін атап өтті.
Тіл – ұлттың тұғыры. Қазақ тілінің мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын!










