Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ тілі-қазақтың айнасы

Қазақ тілі-қазақтың айнасы

«Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» Ахмет Байтұрсынов
Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де біздің тәуелсіздігіміздің айғағы. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен байланыса алады.


Елбасымыздың жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» -деген болатын.
Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт деп ойлаймын.Қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Бірақ, қазіргі жастардың көбі мұны білмейді, түсінбейді. Сондықтан да мен тіліміздің өзекті мәселелерінің өзегін жастар бойындағы намыстың, патриоттық қасиеттердің жоқтығымен байланыстырамын.Олай болса, жастар арасындағы ұлттық патриоттық тәрбиеге мән беру қажет. Нағыз патриот әрқашан ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп, сезініп, өз ұлтының құндылықтарын басқа біреулердің тепкісіне ешқашан бермейді деп ойлаймын.Ендеше,тілімізді ұлтты,отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!
Қазіргі қоғамда асыл мұрамыздың маңыздылығының арта түсуі барлығымызға мәлім.Болашақ жастардың қазақ тілінде білім алып,басқа да тілдерді жетік меңгеріп жатқандығы біз үшін үлкен жетістік.
Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде.Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде.
“Тіл” деген құнды байлығымыздың арқасында ғана біз қазақ халқы деп аталдық.Сондықтан оны тарих пен болашақты байланыстыратын жәдігер десекте артық етпейді.Тілі өз тілінде шыққан жастардың ғана болашағы жарқын,әрі биік болады.Оны естен шығармаған абзал.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Бұл біздің басты парызымыз.
Қадір мырза Әли жырлағандай “Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте “ деген өлең шумағын еліміздегі әр азамат ұран ретінде ұстанса,қазақ тіліміз ешқашан өшпей,мәңгі сақталады.Әлем таныған ел болу үшін,асыл қазынамыздың жұлдызын биіктетуіміз керек.Бұл біздің басты парызымыз!
Мәншүк Талғатқызы,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 3 курс студенті
14 наурыз 2024 ж. 317 0