Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры

Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры

Тіл - ұлтты сақтайтын қуатты құрал. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында қазақ әдебиеті мен мәдениетін әлемге таныту мақсатында  қазақ қаламгерлерінің туындылары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылды. Жаһанда үздік деп танылған салалық әдебиеттер де қазақ тіліне тәржімаланды.Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры. Елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесін беруде. Мәселен, Тәуелсіздік жариялаған 1991 жылы халықтың тек 37 пайызы ғана мемлекеттік тілді білетін. Қазір жағдай  мүлдем басқаша. Бүгінде азаматтардың түгелдей дерлігі мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Бұрын қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілін табу қиын еді. Енді, өзге ұлт өкілінің қазақша сөйлеуі – қалыпты дүние. Елімізде қазақ тілінде сөйлеуші азаматтардың саны артып келеді.Елбасы халыққа арнаған Жолдауында «2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады» деп атап көрсеткен болатын. Тарих сынынан сүрінбей өткен, ең бай, таза да өткір тілдің бірі - ана  тіліміз - қазақ халқының ұлттық игілігі болуымен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін де қызықтырғаны баршаға мәлім.  Өткен ғасырдың өзінде фрнцуз ғалымы Жорри де Манси “Қазақ тілі-түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі -“ деп баға берген екен. Сондықтан  ұлттың ұлт болып, жұмыр бер бетінде тіршілік етіп, өсіп-өркендеуі үшін ана тіліміздің мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілуіне әрқайсымыз үлес қосуға міндеттіміз. Қазақ тілін құрметтеу – әрбір қазақ азаматының парызы. Қашанда өз тілімізге деген құрметіміз ерекше болуы тиіс. 

Г. СМАҒҰЛОВА,
Арал ауданаралық Әділте басқармасының жетекші маманы, ҚР Заңгерлер Одағының мүшесі
07 шілде 2021 ж. 995 0