Тіл– тәуелсіздік тірегі

Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымыздың біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты. Ел Президенті Қ.Тоқаев алдағы уақытта қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте отырып, ұлт пен ұлысты ұйыстыратын ең басты құндылыққа айналдыруды мақсат етіп отыр. Сондықтан үйлесімді тіл саясаты негізінде мемлекеттік тілдің толыққанды қолданысын қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Н. БОҚАЕВА,
Арал АПб-нің екінші арнайы тобының инспекторы, полиция капитаны