Аудан көлеміндегі білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы
Мемлекеттің басым міндеттерінің бірі балалар мен жасөспірімдер үшін білім беру объектілерінде тәрбиелеудің, оқытудың, демалудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады. Ауданымызда 2026 жылы жалпы білім беретін мектептер саны - 48, 1 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат бар, барлығы- 49 мектеп, оның ішінде қаладағы мектеп саны - 11, елді- мекендегісі - 38. Оның ішінде бір ауысымда -19 мектеп, 2 ауысымда- 30 мектеп оқиды, 3 ауысымда оқитын мектеп жоқ.Аудан көлеміндегі жалпы білім беретін 48 мектептің барлығында ыстық тамақ беріледі. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг жүргізу туралы 29.05.2026 жылығы №2 шешіміне сәйкес 2026 жылдың маусым айында басқарма мамандарымен аудан көлеміндегі 45 мектеп пен 45 мектеп жанындағы асханалардың және №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернаттың, барлығы 91 объектінің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесімен 91 объектіге басқарма тарапынан анықталған заңбұзушылықты жою туралы барлығы 56 нұсқама және талаптарға сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алмай жұмыс жасап жатқан 2 объектіге қызметтеріне тыйым салу жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Арал ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары шығарылып берілді. 2026 жылдың тамыз айында басқарма тарапынан берілген 56 нұсқама мен 2 қаулының орындалуы бойынша объектілерге тексеру жұмыстары жүргізілді.
Елбасы өзінің жолдауында оқушылардың сапалы білім алуы үшін мектептердің санитариялық-техникалық жағдайын жақсарту керектігін, оның ішінде, ең бірінші кезекте апаттық жағдайда тұрған мектептерді қалпына келтіруді тапсырған болатын.
Қазіргі таңда аудан көлемінде апаттық жағдайда тұрған мектеп жоқ, Арал ауданы, Сапақ елді-мекеніндегі №69 орта мектеп мектеп заманауи талапқа сай ғимарат салуды қажет етеді.
Аудан көлеміндегі 2 мектепхалықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қағида талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларын алмай жұмыс жасауда.
Аудан бойынша 4 мектеп жанындағы асханаларда дайын және шикі тағамдардың, таза және лас ыдыстардың бір-бірімен жанаспауын ескеретін ағымдылық сақталмаған.
Аудан көлеміндегі 2 мектепте ер балаларға арналған шеберхана бөлмелері қаралмаған.
А.Сатекеева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы









