Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тілім менің, тірлігімнің айғағы» атты мерекелік кеш өтті

«Тілім менің, тірлігімнің айғағы» атты мерекелік кеш өтті

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тілім менің, тірлігімнің айғағы» атты мерекелік кеш өтті.
Шара барысында қазақ тілінің ұлт өміріндегі маңызы, тарихы мен қадір-қасиеті кеңінен насихатталып, қатысушыларға тілге қатысты қызықты деректер ұсынылды. Ана тілін құрметтеу, оның мәртебесін арттыру және жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру бағытында тағылымды әңгімелер айтылды.
Кеш барысында тілге қатысты викториналық ойындар ұйымдастырылып, бейнежазба арқылы мақал-мәтелдер құрастырылды. Сонымен қатар әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күй орындалып, ұлттық өнеріміз ұлықталды.
Шара соңында «Тіл – ұлттың мақтанышы» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Белсенді қатысқан балаларға марапаттар мен сыйлықтар табысталды.

Мерекелік кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ана тіліміздің қадірін тағы бір мәрте сезіндірді.

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Ана тілімізді ардақтау – баршамызға ортақ міндет!
04 қыркүйек 2026 ж. 50 0