Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Ағымдағы жылдың 9-11 қыркүйек күндері Қызылорда станциясындағы көліктегі полиция бөліміне қарасты Арал теңізі ст.КПб-нің қызмет атқару аумағында «ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – атыс қаруын, оқ-дәрілерді және басқа да қару түрлерін заңсыз сақтаудың, алып жүрудің және пайдаланудың алдын алу, заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды анықтау және тәркілеу, сондай-ақ қаруды сақтау және пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында бөлімнің қызметкерлерімен қызмет көрсету аумағында профилактикалық және тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, қару иелеріне белгіленген талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен
қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтауға бағытталған тиісті жедел-қызметтік іс шаралар өткізілуде.

Арал теңізі ст.КПб бастығы полиция капитаны С.Есмурзаев.
10 қыркүйек 2026 ж. 36 0