Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіндеген азаматқа айыппұл салынды

Басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіндеген азаматқа айыппұл салынды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Е. 2024 жылы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, ағымдағы жылдың 21 тамызында көлік құралын басқарған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Азамат Е-ның құқық бұзушылық әрекетіне өкінуі, жас баласының болуы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп танылды. Оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға төмендетіп, 151 375 теңге көлемінде айыппұл жазасын тағайындады.
Арал аудандық соты
10 қыркүйек 2026 ж. 45 0