Ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды
Бүгін аудан әкімдігінде кезекті Үкімет отырысында көтерілген мәселелер бойынша мәжіліс өткізілді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол қауіпсіздігі, инфрақұрылым сапасы және тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев төрағалық етті. Алдымен Арал қаласында жаңадан ашылған «Арал теңізі» теміржол вокзалының құрылысына белсене атсалысқан азаматтардың еңбегін ерекше атап өтіп, вокзал директоры Ж.Мәмбеталиевке облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.
Жиында жол қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Тиісті сала мамандарына жасөспірімдердің түнгі уақытта көлік құралдарымен жүруінің алдын алу, тұрғындардың тыныштығын сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Ауданда жол құрылысы бойынша бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: республикалық маңызы бар «Бейнеу – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл», «Қызылорда – Сексеуіл» бағыттарындағы жол жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне аталған жол құрылыстарының белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.
Сонымен бірге жауапты сала басшыларына қоғамдық тәртіпті күшейту, жолдардың сапасын арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу тапсырылды.
Бұдан бөлек, тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және жастардың рухани дамуына ықпал ету мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасын бастау мәселесі көтерілді. Жоба 2027 жылдың сәуір айына дейін жалғасып, оған мектеп және колледж студенттерімен қатар ауылдық округтер мен кент тұрғындары, мемлекеттік қызметшілердің жаппай қатысуы көзделіп отыр.
Жиын барысында көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау міндеттелді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі