Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәбірленушімен татуласуына байланысты іс тоқтатылды

Жәбірленушімен татуласуына байланысты іс тоқтатылды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Е. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде келіп, анасының мазасын алып, үйдің терезесін сындырып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен. Оған ренжіген анасы полиция бөліміне арызданған.
Алайда, сот отырысында жәбірленуші Е. баласымен өзара татуласқанын, оған кешірім беретінін көрсетіп, істі тоқтатуды сұраған.
Сотпен іс құжаттары зерттеліп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға мен жәбірленушінің татуласқаны ескеріліп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64-бабының 1-1-бөлігі негізінде іс тоқтатылып, азамат Е. әкімшілік жауаптылықтан босатылды.
Арал аудандық соты




01 қазан 2026 ж. 79 0