Құқық бұзушылықты қайталап жасаған азамат 10 тәулік әкімшілік қамаққа алынды

Сотта анықталғандай, азамат К. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде келіп, жеңгесіне себепсіз тиісіп, былапыт сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.
Ол бұған дейін 6 мамыр 2025 жылы осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылса да еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.
Сотта жәбірленуші кешірім бермейтінін көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.
К-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелін тапқан.
Сот қаулысымен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.
Арал аудандық соты
Фото: Нұрболат Нұржаубай