Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылықты қайталап жасаған азамат 10 тәулік әкімшілік қамаққа алынды

Құқық бұзушылықты қайталап жасаған азамат 10 тәулік әкімшілік қамаққа алынды

Арал аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Сотта анықталғандай, азамат Ш. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде келіп, әйеліне былапыт сөздер айтып, мазасын алып, үй ішінде айқай шу шығарып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен. Ол бұған дейін, осы тектес әрекеті үшін әкімшілік жазаға тартылса да еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған.
Сотта жәбірленуші мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.
Ш-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелін тапқан.
Сот қаулысымен Ш. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Арал аудандық соты
15 желтоқсан 2025 ж. 370 0