Жастармен диалог – көшбасшылыққа бастар жол
Бүгін №260 орта мектебінің оқушыларымен жастар көшбасшылығын дамытуға бағытталған диалог алаңы өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің бойындағы көшбасшылық қабілетті қалыптастыру, белсенді азаматтық ұстанымын нығайту және қоғам өміріне араласуға ынталандыру.Диалог барысында көшбасшы болудың мәні, жауапкершілік, бастамашылдық, өз ойын еркін жеткізу және дұрыс шешім қабылдау секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жастардың қазіргі қоғамдағы рөлі мен белсенділігі туралы пікірлерін ортаға салды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар үшін өз ойларын ашық жеткізуге мүмкіндік берді. Жастардың ұсыныстары мен көзқарастары тыңдалып, олардың алдағы уақытта түрлі қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуының маңызы айтылды.
Осындай кездесулер жас буынның өз мүмкіндіктерін тануына, жауапкершілігін арттыруына және көшбасшылық қасиеттерін дамытуына ықпал етеді. Себебі елдің ертеңгі дамуына үлес қосатын белсенді әрі бастамашыл жастардың қалыптасуы – бүгінгі қоғам үшін маңызды міндет.











