Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “BIR TOLQYNDA” ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

“BIR TOLQYNDA” ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Арал қаласында орналасқан Арал көпсалалы колледжінде жастар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен “BIR TOLQYNDA” атты ашық диалог алаңы өтті. Тағылымы мол кездесудің басты мақсаты – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайту болды.

Іс-шараға колледж студенттері, ұстаздар қауымы және құқық қорғау саласының мамандары қатысты. Кездесу барысында тәртіп сақшылары қазіргі таңда қоғамда жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері, олардың алдын алу жолдары және заң алдындағы жауапкершілік мәселелері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Әсіресе, жастар арасында өзекті болып отырған интернет алаяқтық, буллинг, киберқауіпсіздік, есірткі қылмысының алдын алу секілді маңызды тақырыптар қозғалды.
Диалог алаңы еркін пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, студенттер көкейлерінде жүрген сауалдарын ашық түрде қойды. Құқық қорғау органдарының өкілдері әрбір сұраққа нақты әрі түсінікті жауап беріп, өмірлік мысалдар арқылы заң талаптарын жан-жақты түсіндірді. Бұл өз кезегінде жастардың құқықтық мәселелерге деген қызығушылығын арттырып, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.
#АМАНАТ
10 сәуір 2026 ж. 131 0