Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз – бағыт көрсететін тұлға

Ұстаз – бағыт көрсететін тұлға


Бүгін №292 «Келешек» мектебінде Ұстаздар күніне орай ұстаздар қауымына арналған мерекелік кездесу өтті.
Салтанатты шараға «Әділет» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы қатысып, білім саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Өз сөзінде филиал төрағасы ұстаздықтың адамзат тарихындағы ең қастерлі әрі жауапты мамандықтардың бірі екенін атап өтті.
«Ұстаз – адамзат тарихындағы ең қастерлі де қасиетті мамандықтардың бірі. Себебі ұстаздан білім алған әрбір шәкірт – елдің ертеңі, мемлекеттің болашағы. Ұстаз шәкіртке тек білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік секілді асыл қасиеттерді сіңіреді.
Әр баланың жүрегіне жол тауып, оның қабілетін танып, арманын қанаттандыру – үлкен жүрек пен зор жауапкершілікті талап ететін қасиетті еңбек. Ұстаздың әрбір сабағы – шәкірттің болашағына салынған инвестиция, әрбір айтқан ақылы – өмірлік бағыт-бағдар», – деді ол.
Кездесу барысында бірқатар ұстазға облыстық партия филиалы төрағасының Алғыс хаты табысталып, олардың білім мен тәрбие жолындағы еңбегі атап өтілді.
Мерекелік жиын өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұстаз еңбегі – ұрпақ тәрбиесіне қосылған өлшеусіз үлес. Ұстазға құрмет көрсету – білімге, болашаққа және елдің ертеңіне құрмет көрсету.
05 қазан 2026 ж. 110 0