«AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалында салтанатты кездесу шарасы өтті

Аталған шараға «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы, «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы қатысты.

Кездесу барысында сөз сөйлеген филиал төрағасы асыл жандарды мерейлі мерекелерімен құттықтап жылы лебізін білдірді.
Партияның жобалары мен жұмыстарына белсене атсалысқан нәзік жандыларға, батыр аналарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
#AMANAT