Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жағалау жұртын жырлаған

Жағалау жұртын жырлаған

Қаламгер жерлесіміз Ерғали Абдулланың «Жағалау жауһарлары» атты жаңа кітабы жарыққа шықты.
Ерғали Абдулла әдебиеттің бірнеше жанрында қалам тербеп келеді. Ал бұл кітабына түрлі салалардағы есімі ел-жұртқа танымал жайсаң жандардың тұлғалық ерекшеліктерін сырлы суреттер, әр кейіпкердің болмыс-бітімін әдемі етіп суреттейді. Бұл кітаптың «Жағалау жауһарлары» деп аталуы да сондықтан.
Бұл кітап негізінен «Армысыңдар аралдықтар», «Алдыңғы толқын» және «Балалар әлемі» атты үш бөлімнен тұрады. Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта қаламгердің небір жайсаң, артына өшпес із қалдырған үлкендерге арнаған мына жыр жолдарынан:
Дүние – жар, бүтін емес, кем екен,
Әз-әулиедей айтқандары дөп екен.
Бейуақта алды-артыма қарасам,
Көкелерім қайда екен деп барласам,
Көп көкемнің қазір бірі жоқ екен, – деген іштей булыға ақылшы ағаларын сағына іздегенін көруге болады.
Бұл кітаптан автордың айналасындағы жандарға деген алғаусыз көңілі мен шынайы ықыласын аңғаруға болады.
Өзінің өзгеше стилімен, тың деректерімен, қызғылықты материалдарымен жазылған кітаптың оқырман жүрегіне жол табарына сенімдіміз.
К. ӨТЕПБЕРГЕН
06 қазан 2026 ж. 77 0