Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Берері мол кітап көпке таныстырылды

Берері мол кітап көпке таныстырылды

Таяуда аудандық орталық кітапханада ақын, «Арал әлемі» газетінің бас редакторы Ерғали Абдулланың жаңа туындысы «Аралдың адамдары» кітабына кітап беташары өткізілген болатын. Атаулы кешке мектеп кітапханашылары мен жоғары сынып оқушылары, ауданның белсенді жастары қатысты.
Сонымен бірге кештің негізгі мақсаты қалың көпшілікке Ерғали Абдулланың туындыларын насихаттап, кітап ішіндегі кейіпкерлерге арнайы шығарылған арнау өлеңдер мәнерлеп оқылып, «Жырлары жүрек жылытты» атты үш бөлімнен тұратын кітаптар көрмесіне шолу жасау болатын.
Шара барысында автордың шығармашылығы жөнінде журналист-жазушы Жұмабай Жақып, сазгер-ұстаз Бекболат Садуақасов, «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елеш ой-пікірлерін айтып, жазушының еңбегі жөнінде сөзге тиек етті.
Ақын Ерғали Абдулла әдебиеттің бірнеше жанрындағы кітаптардың авторы, ауданымыздың біртуар азаматы, республикалық, аймақтық бірнеше әдеби байқаулардың, мүшәйралардың жеңімпазы, Қазақстанның белгілі сазгерлері жазған 60-тан астам ән мәтіндерінің авторы, Халықаралық Жазушылар және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,Арал өңірінде жарық көрген «Арал ақиқаты», «Сыр айғағы», «Айару», «Құрылтай» газеттерінің бас редакторы қызметін атқарған, қазіргі таңда «Арал әлемі» газетінің бас редакторы.
Өз кезегінде сөз алған Ерғали Абдулла кітапхана ұжымына алғыс айта отырып, жарық көрген туындыларына тоқталып өтті.
Шара соңында кітапхананың тұрақты оқырмандары Е.Ізбасаров, Д.Накебаева, А.Төрахметқызы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып,аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Ерғали Абдулланың сөзіне арналған әндерді орындады.
«Толқын» ақпарат
23 қаңтар 2023 ж. 241 0