Тең мүмкіндік – ортақ қуаныш
Сексеуіл кентінде балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, олардың өз мүмкіндіктерін еркін көрсетуіне жағдай жасауға бағытталған маңызды шара өтті. «Әділет» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті балалар спорт фестивалі ұйымдастырылды.
Фестивальге Сексеуіл кентіндегі №231, №294, №87 және №177 мектептерден төрт команда қатысып, спорттық сайыстарда бақ сынады. Жарыстың басты ерекшелігі – балалардың өзара бәсекелестікпен қатар, бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рух танытуы болды.

Спорттық фестивальдің ашылу салтанатында аудандық мәслихат депутаты Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол балалардың спортпен шұғылдануы олардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, бойындағы сенімділікті арттырып, ортаға бейімделуіне де оң ықпал ететінін атап өтті.Жарыс барысында қатысушылар әр кезеңде өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және тапқырлығын көрсетті. Әр сайыс балалар үшін қызықты өтіп, көрермендер де спортшыларға қолдау білдірді. Балалардың жарысқа деген ынтасы мен белсенділігі фестивальдің негізгі мақсатының орындалғанын көрсетті.
Фестиваль қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталды. Бірінші орынды №231 мектептің командасы иеленсе, екінші орын №294 мектепке бұйырды. Ал №87 және №177 мектептердің командалары үшінші орынмен марапатталды.

«Тең мүмкіндіктер» спорт фестивалі – балалар арасында спортты насихаттап қана қоймай, әр баланың қабілеті мен мүмкіндігіне құрметпен қараудың маңызды екенін көрсеткен тағылымды шара болды. Мұндай бастамалар инклюзивті ортаны қалыптастырып, балалардың қоғамның белсенді мүшесі ретінде өз орнын сезінуіне мүмкіндік береді.
Фестивальге Сексеуіл кентіндегі №231, №294, №87 және №177 мектептерден төрт команда қатысып, спорттық сайыстарда бақ сынады. Жарыстың басты ерекшелігі – балалардың өзара бәсекелестікпен қатар, бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рух танытуы болды.

Спорттық фестивальдің ашылу салтанатында аудандық мәслихат депутаты Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол балалардың спортпен шұғылдануы олардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, бойындағы сенімділікті арттырып, ортаға бейімделуіне де оң ықпал ететінін атап өтті.Жарыс барысында қатысушылар әр кезеңде өздерінің шапшаңдығын, ептілігін және тапқырлығын көрсетті. Әр сайыс балалар үшін қызықты өтіп, көрермендер де спортшыларға қолдау білдірді. Балалардың жарысқа деген ынтасы мен белсенділігі фестивальдің негізгі мақсатының орындалғанын көрсетті.Фестиваль қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталды. Бірінші орынды №231 мектептің командасы иеленсе, екінші орын №294 мектепке бұйырды. Ал №87 және №177 мектептердің командалары үшінші орынмен марапатталды.