Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн тәртібінде – құқық бұзушылық профилактикасы

Күн тәртібінде – құқық бұзушылық профилактикасы

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама аясында Арал аудандық соты әкімшісінің басшысы З.Сермағамбетова №64 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.
Сот әкімшісінің басшысы З.Сермағамбетова өткізіліп отырған шараның басты мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылатынын атап өтіп, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама нормаларын түсіндірді. Кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға мысалдар келтірді.
Сондай-ақ, жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауының салдары олардың келешек тағдырына кері әсер етуі мүмкін екенін түсіндіріп, кәмелетке толмағандардың мінез-құлқының мәдени талаптарға сай болуына, заңға бағыну қағидатын ұстану қажеттігіне назар аударды.
Шара соңында З.Сермағамбетова оқушылардың қойған сауалдарына мазмұнды жауап беріп, туындаған мәселелерді ата-аналарымен және ұстаздарымен бірлесіп шешуге тырысу құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Арал аудандық соты
08 қазан 2026 ж. 45 0