Жасөспірімдер заңды білсе, жаза баспас
Жастардың сот жұмысымен және оның қызметімен танысуы, сот әкімшісінің басшысы З.Сермағамбетованың сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен сот жүйесін дамытуға және азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттыру бағытында дамытылған ақпараттық технологиялар жөнінде ақпараттандыруынан бастау алды.
Сот төрағасы Р.Алдамбергенов пен сот әкімшісінің басшысы З.Сермағамбетова өткізіліп отырған шараның басты мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылатынын айта келе, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама ережелерін түсіндірді.
Кәмелетке толмағандардың арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықтар жөнінде мысалдар келтіріп, олардың қатарына кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде жүруін, сабаққа бармауларын жатқызды. Сондай-ақ, жасөспірімнің жасаған қылмыстық құқық бұзушылығының салдары, оның келешек тағдырына әсер ететінін түсіндіріп, кәмелетке толмағандардың мінез-құлқының мәдени талаптарға сай келетін заңға бағынушылық қағидатын ұстану қажет екеніне назар аудартты.
Шара соңында сот төрағасы оқушылардың қойған сауалдарына жауап беріп, күрмеуі қиын мәселелерді ата-аналарымен, ұстаздарымен шешуге тырысса ешқандай кереғар жағдайлардың болмайтынын тілге тиек етті.
Арал аудандық соты