Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді

Мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді

Арал ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Қаратаев және аудан әкімі аппаратының Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж.Қуатов Жақсықылыш кенті, Жіңішкеқұм және Аққұм ауылдық округі әкімдіктерінің аппараттарында мемлекеттік қызметшілерге заңнама талаптары мен әдеп нормалары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында жаңадан қабылданған Мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген жаңашылдықтар таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттары атап өтілді.
Сонымен қатар мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу тетіктері, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын заңнамалық талаптар, белгіленген шектеулер мен міндеттер, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметте адалдық, ашықтық пен парасаттылық қағидаттарын орнықтыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ әрбір қызметкердің жұмыс уақытындағы тәртібі мен әдебі мемлекеттің беделі екені айтылып, жұмысқа уақытылы келу, түскі үзіліс регламентін бұзбау және жұмыс уақытын тек қызметтік міндеттерге жұмсау басты міндет екені ескертілді.
09 қазан 2026 ж. 16 0