Берік отбасы – есірткіден аулақ!
Отбасы – әр баланың қорғаны, сенімі мен тірегі. Баланың болашағы отбасындағы тәрбиеге, ата-ананың қамқорлығы мен өзара түсіністігіне тікелей байланысты.Біз балаларымыздың дені сау, білімді, саналы азамат болып өскенін қалаймыз. Ол үшін оларға дұрыс бағыт көрсетіп, пікірін тыңдап, қиындықтарын бірге шешуіміз қажет. Қазіргі заманда балаға отбасы жылуынан артық құндылық жоқ. Сондықтан бала тәрбиесін басты орынға қойып, оның өмірлік жолын ұдайы қадағалауда ұстаған жөн. Жасөспірімнің теріс жолға түсіп, жаман әдеттерге тәуелді болып қалмауы бәрінен де маңызды. Есірткі – адамның денсаулығы мен болашағына қауіп төндіретін үлкен кесел. Әсіресе жастардың есірткі айналымына тартылуы орны толмас зардапқа әкеледі.
Біздің ұстаным – салауатты өмір салтын қолдау, білім мен еңбекке ұмтылу және балаларды теріс ықпалдан қорғау. Әр ата-ана баласына сенім мен сүйіспеншілік сыйласа, әр бала өз болашағы үшін жауапкершілікпен таңдау жасаса, қоғамымыз да қауіпсіз болады. Ата-ана балалармен ашық сөйлесіп, олардың жарқын болашағы үшін бірге әрекет еткені жөн.
Элмира НҰРАЛИЕВА,
қала тұрғыны










