Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Дәндерді тастама – табиғатқа мүмкіндік бер» атты экологиялық акциясы

«Дәндерді тастама – табиғатқа мүмкіндік бер» атты экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Арал көпсалалы колледжінің білім алушылары «Дәндерді тастама – табиғатқа мүмкіндік бер» атты экологиялық акцияға қатысуда.

Акцияның негізгі мақсаты – білім алушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және экологиялық жауапкершілігін нығайту.
Өндірістік оқыту шебері Даметкен Мамбетованың ұйымдастыруымен білім алушылар өсімдіктерге күтім жасаудың қыр-сырын меңгерді. Олар топырақтың ылғалдылығын тексеріп, өсімдіктерге қажетті мөлшерде су құйып, жапырақтарын күтіп-баптады. Сонымен қатар жарықтың өсімдіктердің өсуіне әсері туралы пікір алмасты.

Іс-шара барысында білім алушылар гүлдердің дәндерін жинау, сақтау және оларды қайта егу жолдарымен танысып, өсімдіктерді күтіп-баптау бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.
Осындай экологиялық акциялар жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

"Толқын" ақпарат

20 қазан 2026 ж. 55 0