Азамат – мемлекеттік басқару ісінің белсенді қатысушысы
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, халық — мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі. Бұл қағида әрбір азаматтың елді басқару ісіне қатысуға құқығы бар екенін білдіреді.Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы сайлау мен референдумдарға қатысумен ғана шектелмейді. Ол мемлекеттік органдарға өтініш жолдау, қоғамдық талқылауларға қатысу, жергілікті мәселелерді көтеру және қоғамдық бастамаларды жүзеге асыру арқылы да көрініс табады.
Бұл ретте мәслихаттардың орны ерекше. Олар тиісті аумақ халқының еркін білдіріп, өңірдің даму бағдарламалары мен жергілікті бюджеттің бекітілуіне қатысады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Қазақстан Халық Кеңесі халық мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде қоғамдық келісімді нығайтуға, ұлттық бірлікті сақтауға және ішкі саясаттың маңызды бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді байланыс азаматтардың белсенділігіне тікелей байланысты. Сондықтан әр тұрғын өз өңірінің дамуына үлес қосып, қоғамдық өмірге араласу арқылы ел болашағын қалыптастыруға қатыса алады.
Азаматтық белсенділік — ел дамуының маңызды негізі.
ҒАЛЫМБЕК МЫРЗАХАНҰЛЫ,
Аманөткел ауылдық округінің бас маманы









