Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қамқорлық туғанға дейін басталады

Қамқорлық туғанға дейін басталады

Қазақстан – шамамен 7 миллион бала өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекет. Бұл – еліміздің болашағы үшін орасан зор әлеует.

Мемлекет өзінің кішкентай азаматтарына медициналық көмектің толық тізбесін пайдалануға кепілдік береді.

Медициналық көмек балаға барлық кезеңдерде: дүниеге келер алдындағы тексерулерден бастап, өмірінің алғашқы күндеріндегі бақылау, профилактика, диагностика, емдеу мен қалпына келтіру кезеңдеріне дейін ұсынылады. Бұл жұмысқа емханалардың, перинаталды орталықтардың, балалар ауруханасы мен мамандандырылған клиника дәрігерлері мен мейірбикелері қатысады.

Республика күні қарсаңында еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа жасалатын қамқорлық пен мүмкіндіктерден басталатынын ұмытпағанымыз жөн. Уақтылы көрсетілген сапалы медициналық көмек балалардың салауатты өсіп, білім алуына, өз таланттарын ашып, армандарын жүзеге асыруына жол ашады. Жас буынның денсаулығын қорғау – әрбір отбасының әл-ауқатын және тұтас мемлекеттің қуатын нығайтудың негізі.
23 қазан 2026 ж. 64 0