Көлікті алкогольдік масаң күйде жүргізудің салдары
Арал аудандық сотында азамат Н-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы қабылданған.Сотта анықталғандай, Н. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, азамат С-ның басқаруындағы электро мопедіне соғып, мүліктік шығын келтірген.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші ауыр дәрежелі алкогольді масаң күйде болған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Н. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.
Арал аудандық соты










