Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы «Заң мен тәртіп» қағидаты
Мемлекеттік саясаттағы «Заң мен тәртіп» концепциясы халықтың өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Осы орайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі азаматтардың денсаулығын қорғаудың алдыңғы шебінде тұр. Тәртіп пен заңдылық орнаған жерде ғана эпидемиологиялық тұрақтылықты камтамасыз ету мүмкін.Бүгінгі таңда бизнес өкілдеріне үлкен сенім артылып отыр. Дегенмен, бұл сенім санитариялық нормаларды елемеуге немесе жауапкершіліктен қашуға мүмкіндік бермейді. Қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету объектілерінде санитариялық талаптарды қатаң сақтау – «Заң мен тәртіп» принципінің басты көрінісі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінің негізгі мақсаты – айыппұл салу емес, құқық бұзушылықтың алдын алу. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәсіпкерлерге консультациялық көмек көрсету және гигиеналық мәдениетті калыптастыру – заңдылықты нығайтудың басты тетігі.
Санитариялық-эпидемиологиялық салалық заңнаманың сақталуы – бұл халық денсаулығының кепілі. «Заң мен тәртіп» концепциясының орындалуы әрбір азаматтың заңды құрметтеуінен және өз денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауынан басталады.
А. Балшамбаева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысының м.а.










