Қызылордада ауыз судан 103 сәйкессіздік анықталды

Ауыз судың санитариялық-химиялық көрсеткіштеріне 567 сынама алынып, 63 сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы 11 пайызды құрады. Сәйкессіздіктер табылған су сынамалары Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі аудандарынан және Қызылорда қаласынан анықталды. Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбінесе сульфаттар, құрғақ қалдық, хлоридтер, кермектілік бойынша көрсеткіштердің нормадан жоғары болуына қатысты анықталды.
Анықталған кемшіліктер және ерекше тәртіп бойынша тексерулер қорытындысы бойынша 1 715 280 теңге көлемінде барлығы 24 айыппұл салынып, өндірілді, 8 санитариялық нұсқама берілді.
Облыс көлеміндегі барлық 171 орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілерінде жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді. Талапқа сай болмай шыққан объектілерден қайтадан ауыз су сынамалары алынып, сәйкессіздік анықталмады. Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық тіркелген жоқ.
Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз қызметі