Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің мамандары аудан көлеміндегі көтерме сауда азық-түлік нарықтарында тәртіп орнату бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, оның ішінде өнімсіз делдалдықты болдырмауға бағытталған нақты шараларды қамту (өнімнің шығу тегі мен ілеспе құжаттарының болуына профилактикалық түсіндірме жұмыстарын күшейту, қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, тікелей жеткізуді санитариялық тұрғыдан қауіпсіз модель ретінде түсіндіру және т.б); бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында сауда орындарының қызметкерлеріне өнімдерінің жарамдылық мерзімдерінің сақталуы бойынша, тез бұзылатын тағам өнімдерінің тоңазытқышта сақталуы жөнінде, сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуы, өнімдердің сауда орындарына тасымалдау барысындағы қауіпсіздік талаптары және тағамнан уланудың алдын алу бойынша айтып түсіндірілді. Қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, үнпарақтар таратылды.

А.Балшамбаева,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшының міндетін атқарушы 
22 сәуір 2026 ж. 40 0