Құрылыс қарқын алмақ
Ел асыға күткен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы көптің көңілін көтерді.Олай дейтініміз, басты стратегиялық құжат, саналған Президенттің бүгінгі сөзі барлық саланы қамтыды. Халықтың әлуетін жақсартуға бағытталған баянды бастамалардың келешегімізді кемел ететініне көзіміз анық жетті. Мемлекет басшысы азаматтарды толық қанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамту халықтың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды шарты екенін айрықша атады. Бір жарым сағатқа созылған Жолдауды тыңдай отырып, Президенттің әр сөзі қалың бұқараның болашағын жақсартуға бағытталғанына сүйсіндім. Сол Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс,- деді. Сондай - ақ ол , мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ. Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылыс бастап, жандандыру қажет екенін атап өтті.
Иә, осының алдында да жер жерде құрылыс айрықша қарқын алып, мемлекеттің оң саясатымен қаншама қажетті салынғанынан құлағдармыз. Енді міне Мемлекет басшысы ауыл аймақтарды дамытуға бағытталған құрылысқа тағы мәрте басымдық беруі жақсылықтың нышаны деп ойлаймыз.
Абай ЕЛЕШ










