Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ – АЛДАҒЫ ЖҰМЫСТАРҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ЖОЛДАУ – АЛДАҒЫ ЖҰМЫСТАРҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жарияланғаны баршаңызға мәлім. Бұл – жыл сайын еліміздің миллиондаған азаматы асыға күтетін құжат. Онда әрдайым қазіргі жағдайға шынайы баға беріледі, болашақтың нақты міндеттері айқындалады және жаңа даму бағыттары белгіленеді. Сондықтан Президенттің әр бастамасы қоғамның ерекше қызығушылығын оятып, алдағы жұмыстарға тың серпін береді.
Биыл Жолдауда жаһандық бастамалардан бастап, күнделікті өмірге қатысты барлық мәселе қамтылған. Мемлекет басшысыеліміздің келешегіне қатысты келелі ойларын ортаға салып, экономиканы дамыту бойынша алдымызға бірқатар міндеттер қойды. Осы орайда ерекше тоқталып өтетін мәселелердің бірі ол – экономиканың барлық саласын жаппай цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу, жаңа технологиялар арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға кеңінен жол ашу.Бұл елімізде бастау алған ауқымды өзгерістерді жалғастырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың жарқын мысалына айналды. Президент ел азаматтарын толғандырған ең өзекті мәселелердің тиімді шешімін ұсынды.
Жолдау Президент ұсынған реформалар мен бастамаларының заңды жалғасы іспетті.
Азаматтардың қаржылық сауатын арттыру да мемлекет назарында екенін жеткізді. Бұл орайда Президент «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтті. Аманаттықтар бұл игілікті істі әрі қарай жалғастыра бермек.
Жолдаудың негізгі ерекшеліктерінің бірі – Мемлекет басшысының парламенттік реформа жүргізу туралы ұсынысы болғаны белгілі.
Бұл бір палаталы Парламентке көшуді көздейді. Аталған бастама – тарихи мәнге ие және Президентіміздің Әділетті Қазақстан құру, демократиялық институттар мен тетіктерді күшейту жолындағы байыпты бағдарының логикалық жалғасы.
Мемлекет басшысы Сенат 1995 жылы елімізде күрделі әрі тұрақсыз саяси жағдай болып тұрған сәтте құрылғанына назар аударды. Сондай-ақ Палата өткен 30 жылда мемлекеттік құрылымның тұрақтылығын, заңнама жүйесін дамытуды және негізгі реформалардың іске асырылуын қамтамасыз етіп, өзінің аса маңызды тарихи миссиясын абыроймен, тиімді атқарғанына тоқталды. Осыған байланысты еліміздегі саяси жүйе мен саяси мәдениеттің дамуын және азаматтық жауапкершілік деңгейінің көтерілуін ескеріп, Қазақстанның парламенттік жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңін талқыға салатын уақыт жетіп отыр.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мұндай маңызды реформа тек ашық әрі жан-жақты қоғамдық талқылау негізінде ғана іске асырылатынын айтты. Соған сәйкес Мемлекет басшысы бір палаталы Парламентке көшу мәселесін азаматтардың және сарапшылардың қатысуымен бір жыл көлемінде талқылауды ұсынды. Бұған қатысты қорытынды шешім жалпы халықтың пікірін ескере отырып, жалпыұлттық референдум арқылы қабылданбақ.
Жалпы, Президент Жолдауын Қазақстанды жаңғыртудың жаңа замандағы кешенді жол картасы деп қабылдаймыз. Себебі, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді жаппай енгізу алдағы жылдары мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды шарты әрі орнықты дамудың кепілі болатыны сөзсіз.
Қорыта айтқанда, Жолдау – Әділетті, Бақуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстан құру жолында жасалған ірі әрі маңызды қадам. Қазақстанды жаңа даму сатысына көтеруді көздейтін ауқымды құжат. Ол саяси реформаларды, экономикалық жаңғыруды, цифрлық трансформацияны және әлеуметтік әділеттілікті тоғыстырып отыр. Президенттің бастамалары халықтың өмір сапасын жақсартуға, елді әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыруға бағытталған.Жұртшылықтың оған зор үміт артып отырғаны анық. Сондықтан қоғам болып Жолдаудың оның әр тармағын іске асыруға, берген әр тапсырмалардың орындалуына барынша сіздерді атсалысуға шақырамын.
Б. ТӨРАХМЕТОВ,
«AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы
23 қыркүйек 2025 ж. 14 0