Фракция отырысы өтті

Жиынға «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Базарбай Төрахметов, фракция мүшелері және күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес тиісті мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдау мәселесі қаралды.

Отырыста тиісті мекеме басшылары Жолдаудан туындайтын басым бағыттарға тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге, депутаттар цифрландыру үдерісін жеделдету, жасанды интеллектті дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелерінің аймақтық деңгейде іске асырылуына байланысты пікір алмасты.
Фракция мүшелері Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, Жолдауда айтылған міндеттерді орындау үшін барлық деңгейде нақты шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.