Жастар жолдау жүктеген міндеттерді талқылады
Бүгін аудан жастары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауын талқылауға арналған кездесу өткізді.Жиында ел дамуының алдағы бағыттары, жастарға арналған мүмкіндіктер, білім мен ғылымды жетілдіру, цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелері қозғалды. Қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттердің қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, олардың жастардың болашағымен сабақтастығын талқылады.
Бүгінгі таңда жастардың сапалы білім алып, заманауи технологияларды меңгеруі, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы – уақыт талабы. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтар жас буынның кәсіби дамуына, жаңа бастамаларды қолға алуына және ел өміріне белсенді араласуына жол ашады.
Кездесу барысында ұйым төрағасы Берік Сұлтаниязов сөз сөйлеп, жастардың ел дамуындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударды.Оның айтуынша, мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, білім мен біліктілікті арттыру және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу – әрбір жастың маңызды міндеті. Елдің өркендеуі үшін жастардың тың идеялары мен нақты бастамалары қажет.
«Мемлекеттің болашағы – жастардың қолында. Сондықтан біз заман талабына сай білім алып, жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, қоғамдағы өзгерістерге де белсенді атсалысуымыз керек. Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз маңызды. Жастардың білімі мен белсенділігі елдің дамуына серпін береді», – деді
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ел болашағына қатысты бастамаларды қолдау, жастардың әлеуетін арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту жөнінде ойларын ортаға салды.









