Аралдың "Барысы" – облыс чемпионы!
Арал ауданының жас спортшылары облыстық деңгейдегі байрақты бәсекеде үздік нәтиже көрсетіп, аудан мерейін асқақтатты.
21 қазанда Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицей базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Азат ел – айбынды ұрпақ» атты облыстық әскерилендірілген эстафета өтті.
Тартысты сайыста Арал ауданының намысын қорғаған «Барыс» командасы қарсыластарынан оқ бойы озып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының Дипломымен марапатталды.
Жеңіс тұғырынан көрінген команда құрамында:
№13 орта мектеп оқушылары Болатұлы Ерали мен Амантай Нұрперзент;
№14 мектеп-лицей оқушысы Нұрбаев Елдос;
№262 мектеп-гимназия оқушылары Жасаев Сырым мен Ермекқали Ерсәт бар.
Жас өрендерді жарысқа дайындап, жеңіске жетелеуде ұстаз-жаттықтырушылардың да еңбегі зор. Атап айтқанда, №13 орта мектептен Ақылбек Утегенов, №14 мектеп-лицейден Алтай Нұрмаханов және №262 мектеп-гимназиядан Нұрсұлтан Ермаханов шәкірттерінің шеберлігін шыңдады.
Бұл жеңіс – жас спортшылардың табандылығы мен ұйымшылдығының, ұстаздардың тынымсыз еңбегінің жемісі!
«Барыс» командасын және олардың жетекшілерін жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Аудан абыройын асқақтатар жеңістеріңіз жалғасын тауып, алар асуларыңыз биік болсын!
Аралдың жас қырандарына сәттілік!














